Бүгін мен мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын бақылау туралы айтып өткім келеді.
Бұл бағыттағы басты мақсат — әрбір азаматтың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оған қажетті көмектің уақытылы әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету.
Осы мақсатта жеке оңалту бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізіледі.
Атап айтқанда, азаматтардың техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуі, жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметін алуы, санаторий-курорттық еммен және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылуы қадағаланады.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасы, олардың уақытылы орындалуы және азаматтардың өтініштері мен мәселелері назарға алынады.
Біздің басты міндетіміз — тек бақылау жүргізу емес, туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал етіп, әрбір азаматтың құқығын қорғау және оның қоғамға белсенді араласуына жағдай жасау.
Өйткені әрбір адам сапалы өмір сүруге, тең мүмкіндіктерге және лайықты құрметке құқылы!
Назарларыңызға рақмет!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







