Таразда балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    1 / 3

    Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, балық аулауға арналған жабдықтар сататын дүкендерде және Талас өзенінің жағалауында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Түсіндіру жұмыстары барысында балық аулаушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, су жағасында барынша сақ болу, қолайсыз ауа райы кезінде балық аулаудан бас тарту қажеттігі ескертілді.

    Сонымен қатар құтқару құралдарын өзімен бірге алып жүрудің маңыздылығы түсіндіріліп, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігі айтылды.

    ❗️Құтқарушылар тұрғындарды өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және су айдындарында белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын: сақтық шараларын сақтау – адам өмірі мен денсаулығының кепілі!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары