Тараз қаласында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық рейд өтті

    1 / 3

    Профилактикалық шараға Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық және авариялық қызметтердің өкілдері, сондай-ақ волонтерлер қатысты.

    Рейд барысында мамандар тұрғын үйлерді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

    Жылыту пештерін, газ және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, мұржалар мен желдету жүйелерінің жарамдылығы, сондай-ақ улы газ датчиктерін орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік осал топтағы тұрғындар арасында да жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

    Есіңізде болсын: қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуы мүмкін!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары