NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізілуде

    1 / 7

    NEET санатындағы жастардың санын азайту, оларды жұмыспен қамту және қоғам өміріне белсенді араластыру мақсатында Озерки ауылында аула аралау жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара барысында Мансап орталығы мен Жастар орталығының мамандары аталған санатқа жататын жастардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың әлеуметтік жағдайымен және қазіргі еңбекпен қамтылу ахуалымен танысты.

    Кездесу барысында жастарға бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, мемлекеттік бағдарламалар мен жастарға арналған жобалар туралы ақпарат беріліп, нақты жұмыс ұсыныстары жеткізілді.

    Мұндай жұмыстар жастарды жұмыспен қамтуға, олардың әлеуетін іске асыруға және NEET санатындағы жастардың үлесін төмендетуге бағытталған. Аула аралау және түсіндіру жұмыстары аудан аумағында жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Абай облысы Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары