Тараз қаласында жас тарихшылар арасында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурс өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды.
Байқау қорытындысы бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған Қазығұрт ауданындағы «Еңбекші» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ақниет Шедияр І орынға ие болды. Ал Отырар ауданындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Райхан Оңғар жүлделі ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар Төлеби ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Айару Тұрдыбек пен Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Раяна Затай байқау қорытындысы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл нәтиже – оқушылардың тарихқа деген қызығушылығы мен зерттеуге құштарлығының, сондай-ақ ұстаздарының бағыт-бағдары мен жүйелі еңбегінің жемісі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








