ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 4

    Түркістан облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында өрт оқиғалары мен улы газдан уланудың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Мейрамхан Кемелханов мәлімдеді.

    «Биыл облыста 346 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт салдарынан 7 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды. Материалдық шығын көлемі 1 млрд 226 млн теңгеден асты.

    Өткен жылыту маусымында улы газдан уланудың 3 жағдайы тіркеліп, салдарынан 6 адам көз жұмып, 3 адам жарақат алған болатын.

    Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі тұрғын үйлердегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударуда. 15 тамыз бен 5 қазан аралығында облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі» акциясы өткізіліп, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлері араланды. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша қайта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    Сонымен қатар газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіздігін бақылау мақсатында облыстың әр ауданында газ техникалық инспекциялары құрылып, онда 239 маман қызмет атқаруда. Жыл басынан бері газбен жабдықталған 1 600-ге жуық жеке тұрғын үйге улы газды анықтайтын сигнализатор құрылғылары орнатылды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдар мен демеушілердің қолдауымен бұл жұмыстар жалғасын табады», – деді спикер.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары