Абай облысында қоғамдық орынды ластаған азамат камера назарынан тыс қалмады.

    Үржар ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау мен тазалық талаптарының орындалуын бақылауда бейнебақылау камераларының тиімділігі артып келеді.

    Жуырда ғана іске қосылған Жедел басқару орталығының камералары тағы бір құқық бұзушылықты тіркеді. Атап айтқанда, Үржар ауылының 58 жастағы тұрғыны темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастаған. Аз ғана әрекет болып көрінгенімен, бұл – ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығына немқұрайлы қараудың көрінісі. Ал камера мұндай әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ.

    Жалпы, Үржар ауданында шағын Жедел басқару орталығы жұмысын бастағалы бері 144 құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Олардың қатарында қоғамдық орындардың тазалығын бұзу, абаттандыру талаптарын сақтамау және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бар.

    Бұл көрсеткіш – заманауи технологияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі нақты нәтижесі. Бейнебақылау камералары құқық бұзушылықты жай ғана тіркейтін құрал емес, ол – тәртіптің сақталуына ықпал ететін, заң талаптарын елемеуге жол бермейтін тиімді тетік.

    Бір қарағанда елеусіз көрінетін әрекеттің өзі камера назарынан тыс қалмайды. Өйткені қоғамдық тәртіп үлкен заңбұзушылықтармен ғана өлшенбейді. Ол әр тұрғынның ортақ кеңістікке деген жауапкершілігінен басталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары