Абай облысында өткен бір апта ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген профилактикалық және бақылау шаралары нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 6 074 дерегі анықталып, жолы кесілді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі белгіленген жылдамдық режимін сақтамауға тиесілі. Атап айтқанда, жылдамдықты арттырудың 5 784 дерегі тіркелген.
Сонымен қатар:
Маневр жасау қағидаларын бұзудың – 106 дерегі;
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамаудың – 153 дерегі;
Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқарудың, сондай-ақ мұндай күйдегі адамға көлік тізгінін берудің – 12 дерегі;
Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың – 19 дерегі анықталды.
Ж ылдамдықты шамадан тыс арттыру деректерінің басымдығы жүргізушілер арасында жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді.
Жүргізушілерге жол үстінде әрбір қабылданған шешімнің салдары бар екенін еске саламыз. Жылдамдықты асыру немесе ережені елемеу – тек әкімшілік жауапкершілікке емес, адам өміріне төнген қатерге де себеп болуы мүмкін. Сондықтан жолдағы тәртіп әркімнің жеке жауапкершілігінен басталады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









