СЕМЕЙДЕГІ АСПАЛЫ КӨПІР «ЖАРЫС АЛАҢЫ» ЕМЕС: ПОЛИЦИЯ ЕРЕЖЕ БҰЗҒАНДАРДЫ ДЕРЕУ АНЫҚТАДЫ!

    Семейдің басты символдарының бірі — Аспалы көпірде өзін «жолдың қожасы» сезініп, маневр жасау ережелерін өрескел бұзғандардың әрекеттерін әлеуметтік желіге өздері жариялаған. Бұл оқиға тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады.
    Көлік ағыны қайнаған қаланың күре тамырында ережені белден басқандардың қатарында
    «Лада 21705» тізгіндеген 34 жастағы жүргізуші мен 18 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mazda Xedos» көлігі де қағидаларды белден басып, жол қауіпсіздігіне қатер төндірген.
    Олар Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

    Аспалы көпір — шоу көрсететін трек емес, стратегиялық нысан!
    Бір сәттік ерсі қылық пен тәртіпсіздік өзіңіздің ғана емес, өзге жазықсыз жолаушылардың өмірін қатерге тігеді. Заң мен тәртіп бәріне ортақ, ал жаза сөзсіз келеді!

    Бұл бағыттағы рейстер мен қатаң бақылау жалғаса береді. Жолда абай болыңыздар!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары