Тазалық – талап қана емес, ортақ жауапкершілік. Алайда өңірде бұл қағиданы елемейтіндер әлі де бар. Бір апта ішінде Абай облысында полиция қызметкерлерімен санитариялық тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзудың 215 дерегі анықталып, олардың жолы кесілді.
Атап айтқанда:
- 197 дерек – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарына зиян келтіру, жасыл екпелерді жою және бүлдіру;
- 12 дерек – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау.
Бұл сандар – жай ғана статистика емес. Әрбір деректің артында бүлінген қоғамдық кеңістік, ластанған орта және өзгелердің еңбегіне деген құрметсіздік тұр.
Уәкілетті органдар тарапынан бақылау жұмыстары жалғасуда. Тазалық талаптарын бұзуға жол бермеу және ортақ мүлікті қорғау бағытындағы шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.
Тазалық – есеп үшін орындалатын науқан емес, күнделікті мәдениеттің көрсеткіші. Өңірдің көркі әр тұрғынның әрекетінен басталады. Сондықтан ортақ кеңістікті ластамау, жасыл желекті қорғау және абаттандыру қағидаларын сақтау – әр азаматтың міндеті.
Абай облысында бір аптада тазалық талаптарын бұзудың 215 дерегінің жолы кесілді
Ұқсас материалдар

Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты
Теректі ауданы әкімдігіАшу
Хабарландыру
Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулдығыАшу
ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіАшуҚұрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!
Егіндікөл ауданының әкімдігіАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Абай облысының полиция қатары жас мамандармен толықты: 22 қызметкерге алғашқы арнайы атақ табысталды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
ДЕМАЛЫС»: Абай облысында түнгі рейдтер күшейтілді - 101 жасөспірім полицияға жеткізілді
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Абай облысында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда: 162 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Асфальттан қауіпсіздікке дейін: жол инспекторының бір күні
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Абай облысында бір аптада 332 граффити жазуы жойылды: оның 40-қа жуығы есірткі жарнамасына қатысты
Абай облысының Полиция департаментіАшу