Қазақстанда 302-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    1 / 10

    Елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы жаңғыртылды. Бұл бағдарлама аясында республика бойынша ашылған 302-ші өрт сөндіру бекеті.

    Ашылу салтанатына Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин, Ойыл ауданының әкімі Сәкен Займолдин және гарнизонның жеке құрамы қатысты.

    Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1 522 адам тұратын екі елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар қызмет атқаруға қажетті жағдай жасап, жеке құрамның демалуына арналған тұрмыстық бөлмелерді жабдықтады. ТЖМ бекетті қажетті өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етті.

    Жаңа нысан оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары