Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының 301-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

    1 / 10

    Жетісу облысы Көксу ауданының Көксу станциясында «Ауыл құтқарушылары» өрт бекетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл – ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бағдарлама аясында республика бойынша ашылған 301-ші өрт сөндіру бекеті.

    Салтанатты шараға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Алтынбеков, Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов, елді мекендердің тұрғындары және гарнизонның жеке құрамы қатысты.

    Жаңа өрт сөндіру бекеті Мұқаншы, Қазақстанның 50 жылдығы, Жетіжал, Надризбек ауылдары мен Көксу станциясын қоса алғанда, бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аталған аумақта жалпы саны 4 115 адам тұрады.

    Жергілікті атқарушы органдар қызмет атқаруға қажетті жағдайларды, соның ішінде жеке құрамның демалуына арналған тұрмыстық бөлмелерді қамтамасыз етті. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру бекетін қажетті өрт сөндіру техникасымен жабдықтады.

    Жаңа нысанның ашылуы оқиға орнына жету уақытын қысқартуға, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттыруға, ең бастысы, бес елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін сенімдірек қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары