Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына 2-медаль түсті.
Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали санаулы сəттер бұрын қола медаль үшін айқаста (-60 кг) қытайлық Лигуо Цаомен белдесіп, қарсыласын жықты.
Бұл Айдостың ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы 4-ші жүлдесі:
🥉Будапешт-2018 (-60 кг)
🥉Белград-2022 (-60 кг)
🥇Загреб-2025 (-60 кг)
🥉Астана-2026 (-60 кг)
Айта кетейік, кеше күндізгі сессияны Айдос 1/8 айналымнан бастап, ресейлік Анвар Аллахьяровтың жолын кесті. Сосын ширек финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2023 ж), Әзірбайжан өкілі Мурад Маммадовты жыққан. Алайда келесі кезеңде жапон палуанына есе жіберді.
Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали былтыр Хорватия астанасында әлем чемпионы атанып (-60 кг), XXI ғасырда ересектер арасында грек-рим күресінен Қазақстанға алғашқы алтынды алып берген. Сондай-ақ қазақ палуаны 2021 жылғы Азия чемпионы.








