Қазақстан мен Сауд Арабиясы гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастықты талқылады

    Рияд, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Король Салман атындағы Гуманитарлық көмек және қолдау орталығының Бас директоры, Король әкімшілігінің кеңесшісі доктор Абдалла бен Әбделазиз әл-Рабиямен кездесті.

    Кездесу барысында тараптар гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Король Салман атындағы орталық пен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі арасындағы халықаралық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша доктор Абдалла әл-Рабия қазақстандық дипломатты Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан халқына бейбітшілік, құт-береке және одан әрі өркендеу тіледі.

    Король Салман атындағы Гуманитарлық көмек және қолдау орталығы (KSrelief) – 2015 жылы негізі қаланған халықаралық гуманитарлық ұйым. Орталық әлемнің ондаған елінде төтенше жағдайлар, дағдарыстар мен табиғи апаттардан зардап шеккен халыққа азық-түлік, медициналық көмек көрсету, баспанамен қамту және инфрақұрылымды қалпына келтіру сияқты бағыттарда қайырымдылық жобаларын үйлестіреді әрі жүзеге асырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары