Рияд, 2026 жылғы 21 қазан– Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Сауд әс-Сатыймен және Абдуррахман әр-Рассимен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықтың және екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар достық пен өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген екіжақты қатынастардың даму қарқынын оң бағалады.
Сауд әс-Сатыймен кездесуде саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларына, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейлерде өтетін алдағы іс-шараларға ерекше назар аударылды.
Абдуррахман әр-Рассимен әңгімелесу барысында көпжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдарда екі елдің кандидатураларын өзара қолдау мәселелері қарастырылды. Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.









