КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

    КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!

    Бос орын жәрмеңкесіне шақыру

    Құрметті аудан тұрғындары мен жұмыс іздеушілер!

    «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кадр тапшылығын жою мақсатында дәстүрлі Бос орын жәрмеңкесіне шақырады.

    Жәрмеңке аясында «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Е-4 санаты бойынша АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ ( БУХГАЛТЕРЛІК МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША) бос жұмыс орнын ұсынады. Бұл – жұмыс іздеушілер үшін тікелей жұмыс берушімен сұхбаттасып, тұрақты жұмыс табуға немесе мансабын жаңа арнаға бұруға зор мүмкіндік.

    Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты:

    2026 жылғы 28 қазан

    Уақыты: жергілікті уақыт бойынша сағат 11 00

    Мекені: Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы Маметов көшесі 3, Мансап орталығының бірінші қабаты

    Іс-шара бағдарламасында:

    Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы ( бухгалтерлік мәселесі бойынша) Е-4 категориясына қойылатын біліктілік талаптары және функционалдық міндеттерімен танысу;

    Жұмыс берушімен жеке сұхбат өту және түйіндеме (резюме) тапсыру;

    Кәсіби бағдар беру және заңгерлік/консультациялық көмек алу.

    Кербұлақ аудандық мәслихаты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кербұлақ ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары