Астана, 2026 жылғы 26 қараша– Сауд Арабиясы Корольдігінің Спорт министрі ханзада Абдулазиз бен Турки әл-Фейсал Әл Сауд Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Құрылтайшылар кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында ханзада Абдулазиз әл-Сауд ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен екіжақты кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау, тәжірибе алмасу және халықаралық жарыстарды бірлесіп өткізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ спорт федерациялары мен салалық білім беру ұйымдары арасындағы байланысты кеңейту, ортақ жобаларды іске асыру және әріптестік қатынастарды дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов Сауд Арабиясының спортшыларын 2027 жылы Қазақстанда өтетін әлем чемпионаттарына қатысуға шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









