Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі

    Елшілік туралы

    Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер.

    Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1994 жылғы 30 сәуірде орнатылды. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі 1995 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет етеді.

    Сайт қалың жұртшылықты Сауд Арабиясы Корольдігіндегі және Бахрейн Корольдігіндегі қоса атқарушы дипломатиялық өкілдіктің қызметімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыстар орнатуға ниет білдірген отандастарымыз бен шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында құрылған.

    Сайттан Елшіліктің консулдық қызметінің жұмысы және азаматтарды қабылдау кестесі бойынша барлық қажетті ақпаратты алуға болады, сонымен қоса, визалық сауалнамаларды жүктеуге, оны толтыруға, қажетті өтініштер мен арыздарды жолдауға мүмкіндік берілген.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы-2026

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Сіздерді 2026 жылғы Құрылтай сайлауына қатысуға шақырамыз. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 418 сайлау учаскесі құрылды. Ол 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.

    23 тамыз 2026 ж.Тікелей
    г. Эр-Рияд
    ОтырысАяқталды

    «Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауы

    Байқаудың негізгі мақсаты «Қазақстан – менің көзіммен» – шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған онлайн сурет салу байқауы. Байқау қатысушылардың Қазақстан туралы көзқарасын, елге деген сүйіспеншілігін, тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге бағытталған. Байқаудың негізгі мақсаттары: - шетелдегі этникалық қазақ балалардың Қазақстанмен рухани байланысын нығайту; - Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу; - жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; - дарынды этникалық қазақ балаларын анықтау және қолдау көрсету; - балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Байқауға шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балалары қатыса алады (ұлты қызық шетел азаматы екенін растау үшін өз жұмысымен бірге төл құжатының көшірмесін жіберу міндетті); Байқауға ұсынылатын сурет «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбына сәйкес болуы тиіс. Қатысушы жұмысын жіберерде міндетті түрде төмендегі ақпараттармен қоса жіберу керек: - Өзі туралы ақпарат (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын мектебі мен сыныбы, байланыс нөмері); - Өзін таныстыру, салған суретін түсіндіру мақсатында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазба; -Суретті өзі салғанын растау үшін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын сурет салу процессінен бейнежазба және байқау тақырыбынан бөлек басқа да бірнеше туындыларын қосып жіберу керек. Жұмыстар 2026 жыл 28 тамызға дейін [email protected] эл-поштасында қабылданады; III. Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар Байқауға қағазға салынған суреттердің электрондық нұсқасы қабылданады. Қатысушылар келесі құралдарды пайдалана алады: o қарындаш; o түрлі-түсті қарындаш; o фломастер; o акварель бояулары; o гуашь; o майлы бояулар; o пастель; o көмір; o маркер; o акрил бояулары; o гельді қаламдар және басқа да көркем сурет салу құралдары. Суреттер келесі тақырыптарды қамтуы мүмкін: o Қазақстанның табиғаты; o тарихи және мәдени ескерткіштер; o ұлттық салт-дәстүрлер; o қазақ халқының тұрмысы; o ұлттық мерекелер; o Қазақстанның көрікті жерлері; o болашақтағы Қазақстан туралы арман-тілектер. Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады. Байқауға тек авторлық жұмыстар қабылданады. Жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген суреттер қабылданбайды. Қатысушы байқауға ұсынған жұмысын ұйымдастырушының ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінде және көрмелерде көрсетуге келісім береді. Жұмыстар JPEG, JPG, PNG немесе PDF форматында қабылданады. Бағалау критерийлері Тақырыпқа сәйкестік Жұмыстың «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбын қаншалықты толық және мазмұнды ашқаны бағаланады. Шығармашылық көзқарас Қатысушының идеясының ерекшелігі, қиялы мен шығармашылық шешімдері бағаланады. Көркемдік шеберлік Сурет салу техникасы, композициясы, түстер үйлесімі, пропорция және жалпы орындау сапасы бағаланады. Ұлттық мазмұн Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты және ұлттық құндылықтарының көркем бейнелену деңгейі ескеріледі. Эмоционалдық әсер Жұмыстың көрерменге әсері, автордың сезімі мен ойын жеткізу деңгейі бағаланады. Байқау мерзімі Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 17 маусымнан бастап 28 тамызға дейін қабылданады. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталады. Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. I орын – Ноутбук; II орын – Планшет; III орын – Смарт сағат. Ынтыландыру сыйлықтары – «Бестемше» ойыны. Үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады және онлайн көрмеге ұсынылады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 10 қатысушы қажет болған жағдайда жұмысын өз қаражаты есебінен «Отандастар қоры» КеАҚ-на жіберу қажет

    2 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Астана, Казахстан
    ОтырысАяқталды

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания қатысқалы отыр. «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр. 23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана, Казахстан
    ОтырысАяқталды

    Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

    2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады. Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту. Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады. Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Менің әлемім: қиял мен шынайылық» атты жас қолөнершілер мен суретшілердің көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, сән мен дәстүрді тоғыстыратын «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы, «Гиннес» рекордтар кітабына енген киіздің жанында «Dombyra Party» іс-шарасы, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылады. Фестивальге қатысушы қонақтарға көрме бұйымдарын сатып алуға және Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасауына толық мүмкіндік қарастырылған. Бұл күндері Тараз ұлттық дәстүр мен шалқыма шабыттың тоғысқан ортақ мекеніне айналмақ.

    23 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Тараз, Жамбылская область, Казахстан
    ОтырысАяқталды

    Өңірлік Экологиялық Саммит 2026

    Өңірлік экологиялық саммит 2026 (ӨЭС 2026) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2023 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында ұсынылды. 2025 жылғы мамырда өткен Астана халықаралық форумында Саммиттің күн тәртібін климаттық мәселелерден экологиялық мәселелерге дейін кеңейту туралы жарияланды. Толығырақ: https://res2026.kz/kk/about

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана, Казахстан