Қазақстан мен «Tal Holding Company» аграрлық саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

    Рияд, 2026 жылғы 29 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков «Tal Holding Company» компаниясының төрағасы Мұхаммед Әл-Талебті қабылдады.

    Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық-саудтық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Сауд Арабиясы нарығына ілгерілету және перспективалы инвестициялық жобаларды пысықтау мәселелерін талқылады.

    Тараптар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растап, аграрлық сектордағы бірлескен бастамаларды іске асыру мақсатында диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Кездесу қорытындысы бойынша компанияның жақын арада Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

    «Tal Holding Company» – Сауд Арабиясындағы агроөнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін жекеменшік компаниялар тобы. Негізгі қызмет бағыттарына ауыл шаруашылығы өндірісін ресурстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және тарату кіреді. Компания Корольдік бойынша кең филиалдар желісіне ие және халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары