Қазақстан Елшісі Грузияда қазақ күресін дамыту мәселесін талқылады

    Тбилиси, 27 қараша – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Грузиядағы қазақ күресі федерациясының президенті Георгий Читашвилимен және қазақ күресінен Грузия құрамасының спортшыларымен кездесті.

    Кездесу барысында сұхбаттастар қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын әрі екі ел арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін ұлттық спорт түрі – қазақ күресін Грузияда одан әрі дамыту және насихаттау перспективаларын талқылады.

    Елші грузиялық балуандарды халықаралық аренадағы жетістіктерімен құттықтап, оларға алдағы уақытта жаңа жеңістер тіледі.

    Айта кетейік, 2026 жылғы 22–23 тамызда Баку қаласында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында Грузия құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары