Республика күні қарсаңында Ербол Мырзабосынов спорт және туризм саласының қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар табыстады

    Республика күні қарсаңында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының атынан спорт саласының өкілдеріне мемлекеттік марапаттар табыстады.

    Ұлттық мерекемен әріптестерін құттықтаған министр Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері көп жағдайда олардың күнделікті еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт пен туризмді дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл салалар ұлт денсаулығын нығайтуда, жастарды тәрбиелеуде, өңірлердің әлеуетін ашуда және Қазақстанды халықаралық аренада танытуда маңызды рөл атқарады.

    Осы бағыттардағы барлық жетістіктің артында сіздердің күнделікті еңбектеріңіз тұр. Әрқайсыңыз спортты дамытуға, туризмді ілгерілетуге және еліміздің имиджін нығайтуға өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Іске адалдықтарыңыз, кәсібиліктеріңіз және жоғары жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

    «Парасат» орденімен марапатталды:

    - Людмила Прокашева – Павлодар облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің конькимен жүгіру спортынан жаттықтырушысы.

    «Құрмет» орденімен марапатталды:
    - Лазарь Дон – спорт ардагері;
    - Саржан Жақсыбеков – «Дәулет» облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің күрес түрінен жаттықтырушысы;
    - Максим Рожков – мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының сурдлимпиадалық шахмат түрінен бас жаттықтырушысы;
    - Галина Баркова – № 9 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің спорттық гимнастика бөлімшесінің жаттықтырушы-оқытушысы.
    Сонымен қатар министр ведомстволық наградаларды да табыстады.

    «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды:
    - Ғани Ахметбаев – спорт ардагері;
    - Қуаныш Әбекаев – спорт ардагері.
    «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды:
    - Ильмира Хамитова – Жоғары спорт шеберлігі мектебінің конькимен жүгіру спортынан жаттықтырушысы;
    - Жүсіп Қауметов – «ТауКент Өндіріс» ЖШС-нің прорабы.
    «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды:
    - Нұркен Байбуриев – ұлттық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы;
    - Қайрат Қайырбаев – спорт нысанының меңгерушісі;
    - Айсара Бисенова – Қазақстанның гольф федерациясының ресми өкілі.
    «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды:
    - Шыңғыс Ахметов – Алматы облысының туристік ақпараттық орталығының директоры;
    - Асқар Абдуллин – Абай облысының туристік және рекреациялық индустриясы қауымдастығының директоры;
    - Әсел Иманжанова – Ақмола облысының инфрақұрылымды дамыту және ішкі туризм бөлімінің басшысы;
    - Ақбота Дәурен – «Kazakh Tourism» АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің бас менеджері;
    - Мирамбекұлы Қуанышбек – Алматы облысының туризм басқармасының басшысы.

    Марапаттарды табыстау рәсімі Қазақстанның спорт және туризм салаларын дамытуға, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және еліміздің халықаралық беделін нығайтуға үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары