Марат Сүртібаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды

    V Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен Марат Сүртібаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды.

    Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді. Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды.

    Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде Марат Сүртібаев пен Алтынай Ержанқызы Индонезия құрамасын 3:1, Жапония командасын 3:2 есебімен жеңіп, Қытай құрамасына 1:3 есебімен есе жіберген болатын.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары