ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

    1 / 15
    Республика күні мен Қала күні қарсаңында Түркістан қаласында «Ынтымақ емдеу орталығы» пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған екі қабатты нысан 30 мыңға дейін тұрғынға медициналық қызмет көрсетуге арналған.
    Орталықта кардиолог, офтальмолог, хирург, невролог, педиатр және басқа да бейінді мамандар қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар заманауи диагностикалық кабинеттер мен 11 төсектік күндізгі стационар қарастырылған.
    Ашылу салтанатына қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ділдабеков Жанболат Бердібайұлы, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Арыстанов Сүлеймен Тұрсымбайұлы, ардагерлер кеңесінің мүшесі Мірсәлі Кеңес және «Turan United Globol» ЖШС-нің директоры Шағатаев Сержан Анарбекұлы мен зиялы қауым өкілдері, сектор тұрғындары қатысты.
    Әзімбек Пазылбекұлы: -«Халық денсаулығы – ел байлығы. Бүгінгі орталықтың ашылуы – тұрғындар көтерген мәселені бірлесіп шешудің нақты нәтижесі. Осындай игі іске қолдау білдірген кәсіпкерлерге алғыс айтамын. Жаңа орталық халыққа сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындардың саулығын нығайтуға үлес қоссын!» –деп ізгі-тілегін жеткізді.
    Айта кетейік, орталыққа тіркелген тұрғындар МӘМС жүйесі аясында медициналық қызметтерді белгіленген тәртіппен ала алады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары