АҢСАҒАН МҰСТАФАНЫҢ КӨРМЕСІ КӨРЕРМЕНГЕ ОЙ САЛДЫ

    1 / 21
    Конгресс-холл кешенінде «Түркістан – ұлы тарихтың жалғасы» атты жобалар байқауы мен көрмесі аясында суретші Аңсаған Мұстафаның фотокөрмесі өтті.
    Көрмеге қойылған туындыларда қоғамдағы өзекті мәселелер көркем бейнелер арқылы өрнектелген. Автор әлеуметтік желілердің адам өміріне әсері, жалғыздық, технологияға тәуелділік, отбасылық құндылықтар, адамдар арасындағы қарым-қатынас және жұмыссыздық тақырыптарын арқау еткен.
    Суретшінің шығармашылығы әлеуметтік мәселелерді өзгеше қырынан көрсетіп, көрерменді күнделікті өмірдегі құбылыстарға тереңірек үңілуге үндейді.
    Аңсаған Мұстафаның туындылары елімізбен қатар АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея және Францияда да танымал. Оның еңбектері арқылы көтерілген тақырыптар қоғам назарын аударып, өнердің әлеуметтік маңызын айқындай түседі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары