ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛЕШЕК КЕЛБЕТІ КӨРМЕДЕ КӨРСЕТІЛДІ

    1 / 7
    Сіз болашақ Түркістанды қалай елестетесіз? Осыдан он жыл бұрын қаланың бүгінгідей келбетін көз алдымызға елестете алдық па? Алдағы уақытта да Түркістанның дамып, өркендей беретініне сенім мол.
    Тарих пен болашақты тоғыстырған «Түркістан – ұлы тарихтың жалғасы» атты жобалар байқауы мен көрмесі аясында IT маманы Ғасыр Құралбай жасанды интеллект көмегімен әзірлеген болашақ Түркістанның көріністерін көпшілік назарына ұсынды.
    Жасанды интеллект технологиясымен 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан маман қаланың келешектегі келбетін өз қиялына ерік бере отырып бейнелеген. Сонымен қатар ол шәкірттері мен әлеуметтік желідегі оқырмандарына да болашақ Түркістанды өз көзқарастары бойынша елестетіп, визуалды жобалар әзірлеуді ұсынған. Нәтижесінде үздік деп танылған жұмыстар көрмеге қойылды.
    Ұсынылған туындылар келушілерге қаланың келешегіне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы жасалған жобалар Түркістанның болашақтағы даму келбетін елестетіп, көрермендердің қызығушылығын арттырды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары