1 / 14
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облысы прокурорының орынбасары Нұрғали Асқанбековтың төрағалығымен қаладағы қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жиынға қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев, полиция басқармасының басшысы Жасұлан Нысанбаев, аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков және қала әкімінің орынбасарлары қатысты.
Жиында қала әкімінің орынбасары М.Әліпов қоғамдық-саяси ахуал бойынша баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу, ықтимал тәуекелдердің алдын алу және туындаған мәселелерге жедел ден қою бағыттары қаралды.
Сонымен қатар, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына уақытылы назар аудару және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы жұмыстың маңыздылығы сөз болды. Халықпен ашық диалог орнатып, мәселелердің алдын алу және оларды уақтылы шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аударылды.








