1 / 9
Ақтөбе облысының ТЖД өрт сөндіру бөлімдері «Өнер орталығы» ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Жаттығу барысында өртті сөндіру, адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары пысықталды. Құтқарушылар шатырдан бір адамды, жертөледен екі адамды аман алып шықты.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты - төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету, бөлімшелердің өзара іс-қимылын жетілдіру және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақтөбе облысының ТЖД









