Байғанин және Алға аудандарында су тасқыны кезеңіне дайындық деңгейін бағалау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында елді мекендердегі су тасқыны қаупі бар учаскелер, гидротехникалық құрылыстар, бөгеттер мен плотиналардың жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар, қорғаныс бөгеттерінің беріктігі, су өткізу құрылыстарының жағдайы және олардың көктемгі кезеңге дайындығы зерделенді.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, оларды жою бойынша нақты шаралар белгіленді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – су тасқыны қаупін барынша азайту, елді мекендерді су басудың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақтөбе облысының ТЖД









