Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық акциясы аясында өрттің алдын алуға және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Аула аралау барысында ТЖД қызметкерлері 956 тұрғын үй мен 87 пәтерді аралады. Профилактикалық түсіндіру жұмыстарымен 1 790 азамат қамтылды.
Іс-шаралар барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 32 бұзушылығы анықталып, барлығы сол жерде жойылды. Сонымен қатар, халықтың өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында 342 датчик орнатылып, 45 мұржа тазартылды, 7 жылыту пеші мен электр сымдарының 68 учаскесі жөнделді. Сондай-ақ тұрғындарға 15 өрт сөндіргіш табысталды.
Акция аясында білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстарға да ерекше назар аударылуда. Онда балалар мен педагогтердің қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін арттыруға бағытталған түсіндіру іс-шаралары өткізілуде.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, жылыту құралдары мен электр сымдарының жарамдылығын уақтылы тексеруге, сондай-ақ автономды өрт хабарлағыштарын орнатуға шақырады.
Ақтөбе облысының ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









