Енді тұрғындарда қажетті тауарларды тиімді бағамен — небәрі 500 теңгеге сатып алуға тамаша мүмкіндік бар!
Дүкенді аудан тұрғындары үшін күнделікті сауданы барынша қолжетімді әрі ыңғайлы етуге ұмтылатын «VARMARI» жеке кәсіпкерлігі (ЖК) ашты. Мұнда сіздерді үйге, тұрмысқа және күнделікті қолдануға арналған пайдалы тауарлардың сан алуан түрі күтеді. Әрбір сатып алушы өз бюджетінен аспай, өзіне және отбасына қажетті затты таба алады.
Жаңа дүкеннің ашылуы — жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және аудан тұрғындары үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған тағы бір қадам. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның кәсіпкерлік бөлімі «VARMARI» ЖК-ін дүкеннің ашылуымен құттықтай отырып, табысты қызмет, тұрақты даму, алғысы шексіз сатып алушылар мен өркендеу тілейді!
Құрметті Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді жаңа «БӘРІ 500 ТЕҢГЕДЕН» дүкеніне келіп, тауар түрлерімен танысуға және тиімді сауда жасауға шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








