1 / 14
Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп», «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламалары аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» атты көркем шығарма жазу байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және саналы таңдау жасауға үндeу. Оған 12–17 жас аралығындағы 34 үміткер қатысып, есірткісіз өмір, денсаулық және жарқын болашақ тақырыптарында шығармаларын ұсынды.
Қатысушылардың жұмыстарын ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, ақын Тұрар Тілеулиев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы Сәуле Мағжаннан құралған қазылар алқасы бағалады.
Іс-шара барысында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және қоғам өкілдері сөз сөйлеп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Әбдіәлі Нұртілеуге бұйырды. Бірінші орынды Пермахан Нұрмахан мен Иса Аруна иеленді. Екінші орын Жарылқасым Талшын мен Саттар Жанияға берілсе, үшінші орынға төрт қатысушы лайық деп танылды. Сондай-ақ 12 арнайы номинация бойынша үздік шығармалар марапатталды.
Жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









