«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіне арналған әдеби талқылау өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар шығарма мазмұнына терең бойлап, Шұға мен Әбдірахманның тағдыры арқылы сол кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік теңсіздігін, ескі салт-дәстүрдің адам өміріне тигізген зардабын кеңінен талқылады. Кейіпкерлердің өмір жолы мен сезім әлеміне үңіле отырып, шынайы махаббат, адалдық, адамгершілік және еркіндік құндылықтары туралы ой-пікірлер ортаға салынды.
Сонымен қатар шығармаға әдеби талдау жасалып, оның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері сараланды. Оқырмандар өз көзқарастарын білдіріп, кейіпкерлер әрекетіне баға беріп, пікір алмасты.
Іс-шараның мақсаты – көркем әдебиетті насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығарманың тәрбиелік мәнін ашу арқылы адамгершілік пен адалдықты дәріптеу, сыни ойлау және әдеби талдау дағдыларын дамыту.
Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, ал оны талқылау – ойды тереңдетіп, танымды кеңейтудің тиімді жолы.
Кітап оқиық, ой бөлісейік, рухани байиық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









