📚 «ЖЫРМЕН ӨРІЛГЕН ЖҮРЕК СЫРЫ»

    1 / 5

    «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын, ұстаз, «Ұмытшақ көктем» өлеңдер жинағының авторы Арқалық Әмәлиятұлымен «Жырмен өрілген жүрек сыры» атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті.

    Кештің басты мақсаты – ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау, өлеңдерінің мазмұны мен көркемдік ерекшелігін оқырманға таныстыру, шығармашылық жетістіктерімен бөлісу арқылы жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу. Сонымен қатар ұлттық әдебиетімізді, тарихымызды және рухани құндылықтарымызды дәріптей отырып, білімді, саналы, ой-өрісі кең ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.

    Кездесу кешіне мектеп оқушылары, ұстаздар мен және “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының қатысушылары ,кітапханашылар қатысты.

    Кездесу барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылып, өлеңдері оқылды. Қатысушылар ақынмен еркін пікір алмасып, шығармашылық жолы мен поэзияның құдіреті туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Әдеби-сазды кеш көркем сөз бен әсем әуенге ұласып, рухани әсерге толы болды.

    Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, поэзияға құштарлығын оятып, ұлттық руханиятқа деген құрметін қалыптастыруға жол ашады.

    Кітап – білім бұлағы, поэзия – жүрек үні!

    #КітапОқитынҰлт #ЖырменӨрілгенЖүрекСыры #АрқалықӘмәлиятұлы #ТүркістанҚалалықОрталықКітапхана #КітапханаРуханиятОрдасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары