1 / 12
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Түркістан қаласында мәдениет саласы қызметкерлері арасында кіші футболдан «Madeniet Cup» турнирі басталды.
Спорттық шараны «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Түркістан қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Жарыстың ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, командаларға жеңіс тіледі.
Турнирге музей-қорықтар, кітапханалар, театрлар, мәдениет мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінен жасақталған 10 команда қатысуда.
Жарыстың негізгі мақсаты – мәдениет саласы өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, командалық рухты қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








