Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңа қаладағы №12 кітапхана филиалы «Кітап оқитын ұлт»жобасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалы жанынан құрылған мемлекеттік қызметшілердіңОқырмандар клубымен бірлесіп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасына арналған мазмұнды әдеби талқылау өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – көркем әдебиет арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оқыған шығарманы терең пайымдауға баулу.
Талқылау барысында шығармадағы адам жанының ішкі арпалысы, ізгілік пен зұлымдықтың, ақиқат пен жалғанның арасындағы мәңгілік күрес кеңінен сөз болды. Қатысушылар кейіпкерлердің дүниетанымы мен көзқарастар қақтығысына тоқталып, адамзаттың рухани дағдарысы, ар алдындағы жауапкершілік және қоғамдағы адамгершілік құндылықтардың маңызы жөнінде өз ой – пікірлерімен бөлісті. «Парасат майданы» - оқырманға дайын жауап ұсынбай, әр адамды өз болмысына үңілуге, ар – ұжданын таразылауға және өмірлік ұстанымдарына сын көзбен қарауға жетелейтін терең философиялық туынды. Шығарматөңірегіндегі пікір алмасу қатысушыларға тың ой салып, рухани – танымдық тұрғыдан ерекше әсер қалдырды.
Кездесуді ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының аға әдіскері, мемлекеттік қызметшілерден құралғанОқырмандар клубының жетекшісі Назерке Мәдиқызы жүргізді.
Кітап оқу – ойды тереңдетіп, парасатты тұлға қалыптастыратын рухани жол.
#КітапОқитынҰлт#Түркістан
#ОқырмандарКлубы#ПарасатМайданы
#ТөленӘбдік#Кітапхана#КітапОқу
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








