1 / 11
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында көрнекті тарихшы ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Академик Манаш Қозыбаев: Тарих зердесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аясында «Кітап оқитын ұлт» жобасы негізінде ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. 
Жиынның негізгі мақсаты – академиктің өмір жолы мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау, отандық тарих ғылымының дамуына қосқан үлесін зерделеу және еңбектерінің ұлттық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындау.
Тағылымды басқосуды қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов ашып, академиктің отандық ғылым мен тарих саласындағы орнына тоқталды.
Дөңгелек үстелге зиялы қауым өкілдері, профессорлар, ғалымдар, кітапханашылар мен музей мамандары қатысты. Қатысушылар Манаш Қозыбаевтың ғылыми еңбектерін талқылап, оның қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесі, тарихи танымды қалыптастырудағы рөлі мен мол мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызы жөнінде пікір алмасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









