ЖАЛПЫ ҰЗЫНДЫҒЫ 110,7 ШАҚЫРЫМ БОЛАТЫН 143 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

    1 / 12
    Жыл басынан бері Түркістан қаласында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, жол инфрақұрылымын жаңғырту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
    2026–2027 жылдары қала аумағындағы жалпы ұзындығы 110,7 шақырымды құрайтын 143 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42 шақырым болатын 48 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
    Жөндеу жұмыстары барысында жолдың жүру бөлігіне екі қабат асфальт жабыны төселіп, жол белгілері жаңартылады.
    Сонымен қатар, С. Ерубаев және А. Абдрахманов көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
    Бұдан бөлек, қала аумағындағы автомобиль жолдарының сапасын сақтау, олардың техникалық жағдайын жақсарту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары