29 қараша күні өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында Түркістан қаласында қоғамдық көліктер тұрғындар мен қала қонақтарына тегін қызмет көрсетеді.
Аталған шара азаматтардың сайлау күні азаматтардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне және сайлау процесіне қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Тегін жол жүру қызметі қаланың барлық автобус бағыттарын қамтиды.
Осылайша, 29 қараша күні тұрғындар қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









