Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, негізсіз қымбаттаудың алдын алу және тұрғындардың күнделікті қажетті өнімдерге қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда қала аумағында 33 әлеуметтік дүкен іске қосылған. Оның ішінде 29 дүкен тұрақты жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар әлеуметтік дүкендер желісін кеңейту мақсатында қосымша 14 нысан салуға жер телімдері анықталған. Оның 8-і бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Қалған 6 жер телімінің құжаттары рәсімделуде.
Қазіргі уақытта жеңімпаздары анықталған 8 жер телімінде жаңа әлеуметтік дүкендердің құрылысы жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









