ТҮРКІСТАНДА XXVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    1 / 4

    Түркістан қаласында жас романс орындаушыларының «Қазақ романсиадасы» байқауы өз мәресіне жетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын өнер додасы биыл 28-рет өтті. Екі күнге созылған байқаудың мақсаты – классикалық музыка өнерін дәріптеу және Орталық Азия елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту.

    Салтанатты марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

    Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті мен Түркістан облысының «Славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 60 үміткер қатысып, ережеге сәйкес екі кезеңде бақ сынады.

    Қазақ және орыс тілдерінде романс орындаған қатысушылардың өнерін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның көрнекті өнер қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Байқаудың Бас жүлдесін алматылық Аружан Тоқтаған иеленді.

    «Фараб» кітапханасының концерттік залында гала-концерт ұйымдастырылды. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары