ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІРІ ҚАРА МАЛ ЕТІ ЭКСПОРТЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЛЕСІНДЕ

    1 / 4

    «AGROFEST TURKISTAN – 2026» фестивалінде Түркістан облысының мал шаруашылығындағы әлеуеті, ет өндірісі мен экспорттық көрсеткіштері таныстырылды. Өңірде республикадағы ірі қара мал басының 13 пайызы, қой мен ешкі санының 20 пайызы, жылқының 10 пайызы және түйенің 14 пайызы шоғырланған.

    Қазақстаннан экспортталатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы Түркістан облысының үлесіне тиесілі.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, мал шаруашылығын дамыту және экспортты арттыру міндеттерін алға қойып келеді. Осы бағытта облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірде ет кластерін қалыптастыруға, мал басын көбейтуге, бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарын дамытуға басымдық беріп отыр.

    Биылғы жылдың 10 айында сыртқы нарықтарға 35,5 мың тонна сиыр еті және 25,2 мың тонна қой еті экспортталды.

    Қазіргі уақытта өңірде жалпы құны 54,1 млрд теңгені құрайтын сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 788 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобалар толық іске қосылғанда жылына 18 мың тонна ет өндіру және 90 мың тонна ет өңдеу қуаты қалыптасады.

    Ет кластерін дамытумен қатар, мал сою және ет өңдеу барысында пайда болатын қалдықтарды кәдеге жаратуға да көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Ордабасы ауданында «HUATING BIOTECHNOLOGY Co., LTD» кәсіпорны іске қосылды. Құны 9 млрд теңгені құрайтын зауыт жылына 5 мың тонна пептон өнімін өндіруге қауқарлы. Алдағы уақытта өнімді Қытай нарығына экспорттау жоспарланып отыр.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары