2026 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымымен Тұрақты даму жолындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланды. Бұл бастама волонтерлік қызметтің қоғамды дамытуға, ынтымақтастықты нығайтуға, гуманитарлық құндылықтарды ілгерілетуге және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосатын елеулі үлесін тануға бағытталған. Сонымен қатар волонтерлік бастамаларды қолдауға, жастардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және еріктілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
2026 жылғы 25 қарашада 5 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар комиссиясының мүшесі Р.Р. Рахимжанов Торайғыр университетінің волонтерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар 2026 жылғы волонтерлік қызметтің негізгі қорытындыларын, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, азаматтық белсенділікті дамытуға және адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жүзеге асырылған бастамалар мен жобаларды талқылады. Сондай-ақ жастардың волонтерлік қозғалыстағы рөліне, еріктілер еңбегінің өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызына және волонтерлік бастамаларды одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Кездесу тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды талқылауға, сондай-ақ жастар мен адам құқықтарын қорғау саласында қызмет атқаратын институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









