1 / 2
Торайғыров университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға арналған «Өз құқығыңды біл!» тақырыбында ашық диалог өтті.
Іс-шараға «Еркіндік рухы» жастар істері жөніндегі комиссиясының мүшесі Рахимжанов Ризат Русланович спикер ретінде қатысып, жастармен буллингтің алдын алу, құқықтық жауапкершілік және өзгенің құқықтарын құрметтеу мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында қатысушылар нақты жағдайларды талдап, өзекті сұрақтарына жауап алды.
Буллингке жол жоқ! Қауіпсіз орта — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









