КӨКШЕТАУДА СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    Жұмысқа орналасу – сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне және қалыпты өмірге оралуына жасалған маңызды қадам. Осы бағытта пробация қызметінің қызметкерлері жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуде.

    2026 жылғы 19 қарашада Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

    Іс-шараны Көкшетау қаласының пробация қызметі бөлімі Халықты жұмыспен қамту бөлімі және қалалық Мансап орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

    Жәрмеңке барысында қатысушылар бос жұмыс орындарымен танысып, мамандардан кеңес алды. Сонымен қатар жұмысқа орналасу үшін тиісті жолдамалар берілді.

    Нәтиже бар: 2026 жылдың басынан бері Ақмола облысында 640 сотталған азамат ресми түрде жұмысқа орналастырылды. Оның 84-і белгіленген квота шеңберінде жұмыспен қамтылды.

    Мұндай жұмыстар азаматтардың еңбекке араласуына, қаржылық дербестігін қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік береді.

    Тұрақты жұмыс – жаңа өмірге бастар жол және қайталама құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды тетігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары