Бейжің, 2026 жылғы 20 қараша– Бейжіңдегі Қазақстанның мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері мен еліміздің алдағы даму келешектеріне арналған студенттермен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі спикері ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заманауи зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров сөз сөйледі.
Өз сөзінде спикер Мемлекет басшысы айқындаған Қазақстанды саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі бағыттарына, сондай-ақ заманауи, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет қалыптастырудың ұзақ мерзімді бағдарларына тоқталды.
Сонымен бірге, Цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу, ғылым мен білім беруді дамыту, сондай-ақ елдің орнықты дамуының маңызды шарты ретінде адами капиталдың сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
М.Сыдықназаров ауқымды өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы көбіне жас ұрпақтың кәсіби даярлығына, зияткерлік әлеуетіне және ел дамуына белсенді атсалысуға деген ұмтылысына байланысты екенін атап өтті.
Осы тұрғыда шетелде білім алып жүрген қазақ жастарының озық білім мен технологияларды меңгерудегі, халықаралық байланыстарды нығайтудағы және жинақтаған тәжірибесін Қазақстанның игілігіне пайдаланудағы ерекше рөлі атап өтілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның даму келешектері, жүргізіліп жатқан реформалардың маңызы және Мемлекет басшысы алға қойған стратегиялық міндеттерді іске асырудағы жас ұрпақтың рөлі жөнінде пікір алмасты.
Кездесу студенттердің Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары туралы түсінігін тереңдетуге және еліміздің одан әрі дамуына үлес қосуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








