КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН САТУ ЖӨНІНДЕГІ АУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН САТУ ЖӨНІНДЕГІ АУКЦИОН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі, заңды мекенжайы: Бейжің қ., Санлитунь, Дун 6 Цзе 9— автокөліктерді сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.

    Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.

    Аукцион 2026 жылғы 21 қазанда сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Бейжің қ., Санлитунь, Дун 6 Цзе 9

    Сатылатын мүлік туралы мәліметтер

    № 1 лот:

    Жеңіл автокөлік

    Маркасы мен моделі: «Toyota Camry».

    Түсі: ақ.

    Шығарылған жылы: 2011 ж.

    Жүрілген жолы: 185900 км.

    Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1998 ml / 108 kw см3, бензин.

    Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді.

    Бастапқы бағасы: 500,00 (бес жүз) АҚШ доллары 00 цент.

    Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 75 (жетпіс бес) АҚШ доллары 00 цент.

    Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 25 (жиырма бес) АҚШ доллары 00 цент.

    №2лот:

    Жеңіл автокөлік

    Маркасы мен моделі: «Toyota Camry».

    Түсі: қара.

    Шығарылған жылы: 2011 ж.

    Жүрілген жолы: 173300 км.

    Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1998 ml / 108 kw см3, бензин.

    Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді.

    Бастапқы бағасы: 500,00 (бес жүз) АҚШ доллары 00 цент.

    Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 75,00(жетпіс бес) АҚШ доллары 00 цент.

    Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 25,00(жиырма бес) АҚШ доллары 00 цент.

    №3 лот:

    Жеңіл автокөлік

    Маркасы мен моделі: «Toyota Corolla»

    Түсі: сұр

    Шығарылған жылы: 2011 ж.

    Жүрілген жолы: 185300 км.

    Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1598 ml / 88 kw см3, бензин

    Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді

    Бастапқы бағасы: 450,00 (төрт жүз елу ) АҚШ доллары 00 цент

    Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 67,50 (алпыс жеті) АҚШ доллары 50 цент.

    Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 23,00 (жиырма үш) АҚШ доллары 00 цент.

    №4 лот:

    Жеңіл автокөлік

    Маркасы мен моделі: «Toyota Corolla»

    Түсі: ақ

    Шығарылған жылы: 2011 ж.

    Жүрілген жолы: 162700 км.

    Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1598 ml / 88 kw см3, бензин

    Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді

    Бастапқы бағасы: 450,00 (төрт жүз елу ) АҚШ доллары 00 цент

    Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 67,50 (алпыс жеті) АҚШ доллары 50 цент.

    Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 23,00 (жиырма үш) АҚШ доллары 00 цент.

    №5 лот:

    Жеңіл автокөлік

    Маркасы мен моделі: «Hyundai Sonata»

    Түсі: қара

    Шығарылған жылы: 2012 ж.

    Жүрілген жолы: 178300 км.

    Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1998 ml / 121 kw см3, бензин.

    Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді.

    Бастапқы бағасы: 500,00 (бес жүз) АҚШ доллары 00 цент.

    Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 75,00(жетпіс бес) АҚШ доллары 00 цент.

    Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 25,00(жиырма бес) АҚШ доллары 00 цент.

    Қатысу шарттары және өтінім беру тәртібі:

    1. Аукционға өтінімді белгіленген мерзімде берген және кепілдік жарнаны 2026 жылғы 20 қазан сағат 14:00-ға дейін төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
    2. Өтінімдер қабылдау және қатысушыларды тіркеу мына мекенжайда жазбаша түрде жүргізіледі: Бейжің қ., Санлитунь, Дун 6 Цзе 9.
    3. Өтінімдер 2026 жылғы 20 қазан сағат 12:00-ға дейін қабылданады
    4. Ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.
    5. Аукцион жеңімпазы төлеген кепілдік жарна автокөліктің сатып алу құнына есептеледі. Қалған қатысушылардың кепілдік жарналары 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
    6. Аукционға қатысу үшін ұйымдастырушыға мына құжаттарды тапсыру қажет:
    7. Белгіленген нысан бойынша толтырылған өтінім.
    8. Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

    Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және заңды тұлғаның Қытай Халық Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат.

    1. Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.
    2. Қатысушылар кепілдік жарнаны төлеп, өтінім бермес бұрын осы хабарландырумен және сатып алу-сату шартының жобасымен мұқият танысуға, сондай-ақ автокөліктің техникалық жай-күйін қарап шығуға міндетті. Қатысушылар автокөлікті жақсартуды, өзгертуді немесе жөндеуді, сондай-ақ оны қайта тіркеуге немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты салықтардан, алымдардан және өзге де шығыстардан босатуды талап ете алмайды.
    3. Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі. Бұл ретте кепілдік жарнаны қоса алғанда, бұрын төленген барлық қаражат қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аударуға байланысты банк комиссиясы да аукцион қатысушыларына қайтарылмайды. Аукционға қатысушылардың сөз байласуына (bid rigging) және сауда-саттық барысына заңсыз араласудың кез келген өзге түріне қатаң тыйым салынады.

    Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері:

    Алушы : EMBASSY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

    Мекенжайы : 9 SANLITUN DONG LIU JIE, CHAOYANG DISTRICT, BEIJING, CHINA

    IBAN (USD): 778350025728

    (RMB): 778350020424

    Алушының банкі : Bank of China

    Swift: BKCH CN BJ

    Төлем мақсаты: № (лот нөмірін көрсету) лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна

    Сатыпалушыныңміндеттеріжәнеавтокөліктердіқабылдапалутәртібі

    Ең жоғары баға ұсынған сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін аукцион қорытындылары туралы хаттамаға дереу қол қоюға міндетті.

    Сатып алушы автокөліктің толық құнын, бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып, сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударуға міндетті.

    Меншік құқығын қайта ресімдеуге, салықтарды, әкімшілік алымдарды, кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге жұмсалатын барлық шығысты сатып алушы толық көлемде өтейді.

    Мүлікпен танысу және байланыс деректері:

    Автокөліктердің техникалық жай-күйін қарап шығуға, тиісті құжаттармен танысуға және өтінім бланкісін алуға жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайда болады: Бейжің қ., Санлитунь, Дун 6 Цзе 9

    Анықтама телефондары: +86 (010) 653-26-182,653-24-189

    Электрондық пошта: [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары