Бейжіңде CSCEC International компаниясымен бірлескен инфрақұрылымдық жобалар мен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Бейжің, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев «China State Construction Engineering Corporation International» ( CSCEC International) компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Гао Бомен кездесу өткізді.

    Тараптар құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту келешектерін талқылап, Алатау қаласындағы ірі жобаны іске асыру сұрақтарына ерекше назар аударды.

    Гао Бо жобалау және дайындық жұмыстарының барысы туралы хабарлап, компанияның қалаларды кешенді дамыту, соның ішінде компанияның қалаларды кешенді дамыту, түрлі инженерлік және көлік инфрақұрылымдарды құру және нысандарды кейіннен басқару жөніндегі тәжірибесін пайдалануға дайын екенін білдірді.

    Ш.Нұрышев жобаның стратегиялық маңызын, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындар мен мамандарды тартудың, жұмыс орындарын құрудың және қазақстандық кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

    Кездесу барысында компанияның Астана және Алматы қалаларының көлік инфрақұрылымын дамытуға, деректерді өңдеу орталықтарын салуға және Қазақстанда бірлескен энергетикалық жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктері де қарастырылды.

    ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Қазақстанның қытайлық инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі екенін атап өтіп, ұсынылған бастамаларды қаржыландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

    Тараптар аталған бағыттар бойынша нақты өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары