Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшесі Рахимжанов Ризат Торайғыров университетінің студенттік ректораты мен проректорының кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында студент жастардың құқықтарын сақтау және заңды мүдделерін қорғау, білім алуға қолайлы жағдай жасау және студенттердің жан-жақты дамуына мүмкіндік беру мәселелері талқыланды.
Әсіресе, университет әкімшілігі мен студенттер қауымдастығы арасындағы ашық диалогтың маңыздылығына, сондай-ақ жастардың мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдау кезінде олардың пікірін ескеруге ерекше назар аударылды.









