
2026 жылғы 21 қыркүйекте Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өміріне төнетін қатерлердің алдын алу, сондай-ақ балалар мен отбасыларға психологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Балалардың білім беру ұйымдарында қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.









