«Жаңа Конституция қарапайым тілмен»: Павлодар жоғары басқару колледжінің студенттерімен кездесу

    1 / 2

    29 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Павлодар облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Н.К. Нұрғалиева Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Жастар істері жөніндегі комиссияның мүшесі Р.Р. Смаиловпен бірлесіп, Павлодар жоғары басқару колледжінің студенттеріне «Жаңа Конституция қарапайым тілмен» тақырыбында дәріс өткізді.

    Кездесу барысында студенттерге жаңа Конституцияның негізгі ережелері, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты мен «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының қызметі туралы ақпарат берілді.

    Құқықтық ағартудың маңыздылығына, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және студенттердің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударылды.

    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттерге адам құқықтары саласындағы білімдерін кеңейтуге және қазіргі жастар үшін маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі" жаңалықтары